ЖаңалықтарҚоғамМәдениетРуханият

ШЫМКЕНТТЕ Д.ҚОНАЕВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Шымкент қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай «ҚОНАЕВ – ҰЛЫ ТҰЛҒА» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Қала әкімдігі мен мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Д.Қонаевтың немересі Диар Қонаев, дәрігері Ахат Мулюков, ҚР мәдениет саласының үздігі Қалдыгүл Жаныбаева, Академик, күйші, компазитор, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Секен Тұрысбек, Дінмұхамед Қонаев Халықаралық қорының вице президенті Байбол Болат Қажыақбар, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалайри және бір топ қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.  Одан өзге ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, сонымен қатар алыс-жақын шетелдерден қатысушылар Д.Қонаевтың халықаралық дәрежедегі тұлға екендігіне, оның ел басқарумен қатар ғылымдағы зерттеулерінің маңыздылығы жөнінде сөз қозғады.

Кеш қонақтары Дінмұхамед Қонаевтың бюстіне гүл шоқтарын қойып, мұражаймен танысты. Зиялы қауым өкілдері мемлекет және қоғам қайраткерінің өмірі мен мемлекеттік қызметі, оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесі, кейбір саяси және құқықтық көзқарастары, саяси таланты туралы естеліктерімен бөлісті. Оның өмірі мен көп қырлы қызметі Қазақстанның ұлы дәуірінің символына айналды.

Жиында қала әкімі Мұрат Әйтенов Д.Қонаевтың мерей тойына орай әзірленген медальді бірқатар азаматқа табыстап, қонақтарға сый-құрмет көрсетті.

Салтанатты кеште белгілі күйші Секен Тұрысбеков қоғам қайраткеріне арнап шығарған туындысын орындап, тыңдарман қошеметіне бөленді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТТЕ ҚОНАЕВ ТОЙЫ БАСТАЛДЫ

Алдыңғы

Дат №1. ПАТРИОТ ҰРПАҚТЫ ҚАЛАЙ ТӘРБИЕЛЕЙМІЗ?

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *