ҚР Президенті тапсырмасына сәйкес бұқаралық спорт түрін дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасы» жобасы Еңбекші ауданына қарасты жалпы білім беру мектептерінде волейбол ойынынан іріктеу кезеңі аяқталды.
Қыздар арасында өткен спорттық ойында 4 команда финалдық кезеңге жолдама алды.
Волейбол ойыны кезеңі бойынша жеңімпаз командалар:
А тобынан — «№134 жалпы орта білім беретін мектебі»
Б тобынан — «Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебі»
С тобынан — «Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы»
Д тобынан — «Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы»
Еске сала кетейік, жастар лигасы әр аптаның сенбі күндері бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес өтуде.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Comments