Абай ауданына қарасты Қатынкөпір шағынауданында 37 мыңнан астам тұрғын бар. 100 пайыз ауыз су, табиғи газ және сапалы электр жарығымен қамтылған.
Негізгі мәселе – орталықтандырылған кәріз жүйесі, көшелерді жарықтандыру, сапалы интернетпен қамту, тас жолдарға асфальт төсеу.
Жалпы 107 көшенің 68-не асфальт төселген болса, 38-і тас және 1 көше топырақ жол. 2025 жылға дейін барлық көшелерге асфальт төселмек.
2021 жылы екі көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, жарық көшелер саны 8-ге жеткен. Алдағы үш жылда 10 көшені жарықтандыру жоспары бар.
Сапалы интернетпен осы жылы толық қамтылады.
Шағынаудан 4 мектеп, 4 балабақшамен қамтылған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments