Жаңалықтар

КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІН 75 ПАЙЫЗҒА ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРДА

Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 19-ы кәріз жүйесімен қамтылған. Қалған аймақтарды қамту мәселесі кезең-кезіңмен шешіледі. Биыл қаладағы 3 магистралдық коллекторы, 6 ішкі орамдық жүйенің құрылысы жүзеге асырылады.

Қала әкімі Әл-Фараби ауданы тұрғындарына бұл бағыттағы жұмыс жоспарларын баяндады. Аудандағы III, IV, V сектор бойынша 2022 жылы Хлопзавод көшесіне кәріз жүйесін жүргізу жоспарлануда.

2023 жылы «Ескі қалашық» шағынауданы мен Жансүгіров көшесін кәріз жүйесімен қамтамасыз ету энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жұмыс жоспарына енгізілді.

Қаланың 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ, аудандағы III, IV, V сектор бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өткен жылы 3 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. 2022 жылы 6 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, «Қарасу» шағынауданындағы №70/78, Рашидов көшесіндегі №256, Тәшенов көшесіндегі №77, Тәуке хан даңғылындағы №32, Е.Тұрысов көшесіндегі №51, Ғ.Іляев көшесіндегі №65 үй жөндеуден өтеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Береке Сейітжаппар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ  

Алдыңғы

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 59 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *