Бүгін жаңадан жасақталған Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Онда кеңес мүшелеріне төсбелгі мен куәліктері салтанатты түрде табыс етілді.
Қоғамдық кеңестің отырысына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысып, жаңа құрамның жұмысына сәттілік тіледі.
—Сіздер қаладағы азаматтық қоғамның белсенді өкілісіздер. Сол себепті Қоғамдық кеңесті қаладағы қоғамдық пікір мен тұрғындардың көңіл-күйінің барометрі деп білеміз. Алдағы уақытта Сіздермен тығыз байланыста жұмыс істеп, Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатындарыңызға сенеміз, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Айта кетейік, ендігі жерде Қоғамдық кеңестің төрағасы әр тоқсан сайын ротация тәртібімен ауысып отырады. Алғашқы тоқсандағы төраға болып мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов сайланған.
«Шымкент келбеті» — Айдар ҚҰЛЖАНОВ,
Фото: Серік ҚОСАЕВ.
Comments