Əлемдегі ең көне мерекелердің бірі, бес мың жылдан бері тойланып келе жатқан Əз Наурыз құтты болсын! Наурыз парсы тілінде »Жаңа күн» дегенді білдіреді. Ендеше, қыс кетіп, бүкіл тіршілік жанданып, гүлденетін уақыттың келгені құтты болсын! Бұрынғы салт — дәстүр бойынша əр үй наурыз көжеге кем дегенде жеті адам шақырып дəм татқызуы керек. Əрбір жан өзі де жеті үйден наурыз көже ішетін болған. Өкінішке орай, 1926 жылдан бастап Наурыз мейрамын »діннің сарқыншағы» деп тойлауға рұқсат бермесе де ол Орта Азия елдерінде жасырын болса да аталып келді. 1988 жылдан бері Қазақстанда тұрақты тойланып келеді. 2009 жылдан бері 21-22-23 күндерге Наурыз мейрамы деген мəртебе берілді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 21 наурызды Халықаралық Наурыз күні деп белгіледі. Иранда, Өзбекстанда, Түркияда 21, Əзірбайжанда, Тəжікстанда, Қазақстанда 22 наурыз күні аталып өтеді. Ендеше, достар, ұлттық мейрамымыз — 22 наурыз құтты, əр шаңыраққа бақ — береке болып енсін! Ақ мол болсын! Тілеген жақсы тілектеріміз орындалсын!
Базаркүл ҚАЛБЫР
Comments