Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «FASHION DAY» СӘН КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ

Бүгін Наурыз мерекесін тойлаудың «Шымырлық пен шеберлік» күні. Осы күнге орай, «Шымқала» этноауыл тарихи кешінінде «Fashion Day» дизайнерлік сән көрсетілімі ұйымдастырылды.

Орта Азия елдері және Қазақстанның танымал дизайнерлері өздерінің ұлттық нақыштағы көктемгі киім топтамасын көпшілік назарына ұсынды. Қонақтар сән үлгілерін тамашалап қана қоймай, сатып алу мүмкіндігіне ие.

Шымкент – демографиялық өсімі бар қала болғандықтан бүгінгі сәнді киімдердің басым бөлігі жас аналар мен балаларға арналған. Қызғалдақтар қаласында өтіп жатқан мерекеде дизайнерлер ұсынған «Қызғалдақ» коллекциясы қаланың символымен әсем табиғатын және көріктілігін әйгілейді.

Мерекелік шара балаларға арналған бағдарламаға жалғасты. Жас сәнқойларға арналған авторлық жинақтармен бірге, түрлі шоу мен би флэщмобтары көрсетілді. Өзінің авторлық коллекциясын ұсынған «Turan Collection», «Aizere Kids», «Naboko Fashion House», «Sabina Volskaya», «Chinara Elmuratova» және «Anastasiya Nanno» сән орталықтары шеберлік сабағын өткізіп, тәжірибесімен бөлісті.

Күндізгі сағат 12:00 де басталған мерекелік шарасы кешкі 18:00-ге дейін жалғасады. Ертең мерекенің «Зияткерлік күні» Арбат демалыс аймағында өтеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАЛУДА

Алдыңғы

Сенаторлар «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығының жұмысымен танысты.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *