Бүгінде сүт безі обыры диагнозы кез келген әйелде кездесуі белең алып тұр. Сүт безі обыры — әлемде әйелдерде ең көп таралған онкологиялық ауру түрі. Сондықтан сүт безі обыры сүт безін алып тастағанға дейін түбегейлі емдеуді қажет етеді. Операцияның салдары науқасқа физикалық және психологиялық қолайсыздықты тудырады. Алайда, заманауи медицинаның мүмкіндіктері кеуденің пішіні мен мөлшерін сақтай отырып, жағдайды түзетуге мүмкіндік береді.
Облыстық клиникалық аурухананың онкологиялық бөліміне 1977 жылы туған науқас сол жақ сүт бездің қатерлі ісігі диагнозымен жоспарлы түрде түсті. Науқасқа сол жақ сүт безінің тері астындағы мастэктомиясы, имплантпен бір мезеттік реконструкциямен жүргізілді. Ота МӘМС есебінен жасалды. Бір мезеттік реконструкциясы бар тері асты мастэктомиясы — бұл тері мен көлемді сақтай отырып, кейіннен өз тіндерімен немесе импланттарымен алмастыра отырып, безді алып тастау. Операция кезінде сүт бездің тіндері алынып тасталды, бірақ сонымен бірге теріні және емізік-ареолярлы кешенді сақтап қалды. Операциядан кейін 12 күн ішінде науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды. Қазіргі таңда жағдайы жақсы.
Comments