АймақЖаңалықтарСпорт

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ 2 КЕЗЕҢІ ЖАЛҒАСУДА

Қазіргі таңда Шымкент қаласында «Шымкент жастар лигасы» жобасының екінші кезеңі өз жалғасын табуда. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет өткізіліп отыр.

Жобаның мақсаты — мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылды. Спорттың футбол, баскетбол, волейбол және шахмат түрлерінен ойындарға қатысуға Абай ауданынан – 37, Әл-Фараби ауданынан – 26, Еңбекші ауданынан – 35 және Қаратау ауданынан — 37, білім ұйымдарынан 507 командадан өтініш түсті. Сонымен қатар, командаларға қолдау көрсетуге 151 мектептен Фан – клуб командалары жасақталып 2 265 оқушы қамтылды. Ойындарды ұйымдастыру үшін 420 дене шынықтыру мамандары жұмылдырып, 5 848 оқушы аталған спорт түрлерінен жарыстарға қатысуда.

Бүгінде жоспарға сәйкес, Әл-Фараби ауданында өтіп жатқан волейбол (қыздар арасында) ойынының 2-ші айналымы өтті. Ойынға қатысушылар 4 топ(А,В,С,D) бойынша сайысқа түсіп, бас бапкердің бекіткен №64, №17, № 11 және №129 мектептерінде жалғасуда. Ойын нәтижесіне сәйкес командалардың толық ақпаратын суреттерден көре аласыздар.

Айта кетейік, жастар лигасы әр аптаның сенбі күндері өтеді.

@shymqala_zhastary @shymkent_jastar_league

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

ЕЛДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдыңғы

Рихард Вагнер атындағы Вена консерваториясының студенті Жандос Мұхамедидің концерті өтті.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *