АймақБілімЖастар саясатыҚоғам

СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНА САЛУ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДЫ САЛУ ҒАНА ЕМЕС, ТИІМДІ КӘСІПКЕ АЙНАЛУЫ МҮМКІН  

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Сатыбалдин Алпамыс Айдарұлы айтты.

Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы төрт бағыт бойынша білім беру саласындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда. Олар:

• студенттік жатақханаларды салу және реконструкциялау;

• жан басына нормативтік қаржыландыру шеңберінде жекеменшік мектептерді салу және реконструкциялау;

• мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі («Aqyl» білім беру депозиті);

• мемлекеттік білім беру кредиті.

Біз инвесторларды, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттің қаржылық қолдауымен студенттік жатақханалар құрылысына қаржы салуға шақырамыз.

Бұл процеске кезекті әлеуметтік объектіні тұрғызу ретінде емес, табысты, тұрақты және келешегі мол бизнес-жоба ретінде әлдеқайда ауқымды қарауды ұсынамыз. Әрі осылай айтуға барлық алғышарттар бар.

Біріншіден, бұл – жоғары сұраныстың болуы. Бүгінгі таңда елімізде студенттер тұру үшін 63 мыңнан астам орын-жайды жасау қажет. Бұл мегаполистерден бастап облыстық маңызы бар қалаларға дейінгі еліміздің барлық өңірлеріне тән қажеттілік.

Сонымен қоса жақын болашақта Қазақстанды 2000-шы жылдарда болған baby-boom-ның салдары күтіп тұр, сондықтан студенттер контингенті де өсетін болады. Әлбетте, бұл жағдай студенттік жатақханаларға деген сұраныстың артуына әсер етпей қоймасы анық.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 350 орындық жатақхана құрылысының құны 650 млн. болса, жоспарланған мемлекеттік тапсырыстың көлемі 862 млн. құрайды, яғни оң айырмашылық бар және ол шамамен 200 млн. құрайды.

Жалпы осы мақсаттар үшін республикалық бюджеттен 152 млрд.теңге бөлу көзделген және ең маңыздысы, бұл қаражат секвестрлеуге жатпайды.

Мемлекеттен төлемдер мерзімі аяқталғаннан кейін объект құрылыс салушының меншігінде қалады. Жалғыз шарт 20 жылға объектінің нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалықты тіркеу болмақ. Айта кетейік, 2019-2021 жылдары Шымкент қаласының аумағында 27 850 орындық 52 жекеменшік мектеп ашылса, 2018-2021 жылдары 4 060 орындық 14 жатақхана пайдалануға берілді.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

ДОСТЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫНДА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ  

Алдыңғы

ШЫМКЕНТ: ОРТА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕРДІҢ БІРІ ОҚУШЫ САНЫ КӨП МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖҮГІН АЗАЙТУ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *