АймақЖастар саясатыҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ДАБЫЛ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ  

Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні шеңберінде 1 наурыз күні сағат 10:00-де азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі.

Тексеру барысында қала аумағындағы электродабылдар, дабылды-сөйлеу құрылғылары және дауыс зорайтқыш қондырғылар іске қосылады.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электрдабылдардың қосылу кезінде жасайтың іс-қимыл қағидаларын еске салады.

Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:

– радио және теледидарды қосыңыз;

– шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;

– берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз:

– көшедегі дауыс зорайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;

– берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Барлық іс-шаралар болуы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қандай да бір қауіпті факторларының орын алуы немесе туындау қатері және «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дабылы бойынша іс-қимыл тәртіптері туралы хабардар болуына бағытталған.

Қала тұрғындары мен қонақтарын жаттығу өткізу кезінде үрейленбей, тыныштық сақтауды сұраймыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТТЕ АУЛА ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ  

Алдыңғы

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *