Қаратау ауданына қарасты Мирас шағын ауданының аумағы 330 гектарды құрайды. Мыңға жуық отбасы қоныстанған шағын ауданда 4410 адам тұрады.
✅Мұнда 35 көше болса, 2020 жылы атауы жоқ 14 көшеге атау берілген. Биылғы жылы атауы жоқ 9 көшеге атау беру және атауы қайталанатын 1 көшенің атын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
💡«Мирас» шағынауданындағы тұрғын үйлер мемлекеттік электр жарығымен 💯 пайыз қамтылған.
🚰Ондағы мыңға жуық отбасыға сапалы ауыз сумен толық берілген.
🔥Шағын аудандағы барлық тұрғын көгілдір отынға қосылған.
👷🏼♂️Өткен жылы кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған. Құрылыс жұмыстары биылда жалғасын тауып, жыл соңында аяқталады. Осылайша кәрізбен қамту дәрежесі 100% болады деп күтілуде.
💡2021 жылы Кеме қалған мен Қарабура көшелеріне жарықтандыру бағаналары орнатылған болса, биыл Мирас пен Жібек жолы көшелері жарықтандырылатын болады.
🛣️Шағын аудандағы 7,8 шақырым жол, яғни 23 көше асфальтталған, ал 12 көшеге шағал тас төселген. Кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары толық ақталғаннан кейін қазылған көшелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
🏤Мирас шағын ауданында 1 мектеп, 6 балабақша, 1 емхана, 1 медициналық көмек көрсету пункті және 2 спорт алаңшасы мен 1 балалар ойын алаңшасы бар.
🚌Шағын ауданға № 141 қоғамдық көлік қатынайды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments