Түркістан облысы, Келес ауданының орталығы Абай ауылында тұратын Гүлнар Дүйсебаева өз үйінің ауласында биогумус өндіріп жатыр. Төрт баланың анасы бұл кәсіпті 2020 жылдың желтоқсан айында бастапты. Еңбегінің зейнетін айналдырған 1 жыл 2 ай ішінде көріп, үй салып, несиелерінің барлығынан құтылып, баласына көлік мінгізген.
Жалғызілікті ана өзінің тұрғын үйінің ауласындағы жердің 2 сотығына жылыжайын іске қосып, 4 сотық жерде кәсібін дөңгелетіп, вермитехнология саласын дамытып отыр. Қазіргі таңда 2 сотық жылыжай қабырғаларына пластик бөтелке (баклашка) бұйымдарын байлап, көкөніс өсіріп жатыр. Сонымен бірге қапқа 50% топырақ және 50% биогумус салып, картоп өсіріп, қалған бос жерден биогумус табиғи тыңайтқыштарын өндіруде.
Биогумус – табиғи тыңайтқыш. Оны қолданған кезде өнімділік 25-50% -ға артады. Вермикомпост арқылы жаңбырдың қалдықтары немесе калифорния құрттары орналастырылып, олардың көбеюі үшін оңтайлы жағдайлар жасалған. Осы арқылы кәсіпкер ана 2 сотық жерден 6 сотық жердің өнімін алып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Comments