АймақДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДАХУАЛ ТҰРАҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

Соңғы дерек бойынша өткен тәулікте  коронавирус жұқтырған 2 жағдай тіркелген.

Дәрігерлер қала тұрғындарынан жағдай тұрақталғанымен карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 718 орын бар, төсек-орын толымдығы 5,3%-ды құрайды, 680 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 38 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде –  115 төсек орын бар, 5 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 65 адам вакцина алды (I компонент- 37, II компонент- 28). Егу науқаны басталғалы барлығы 598 092 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 584 850 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Pfizer вакцинасының I компонентін 52 807 адам, II компонентін 31 303 адам қабылдады. Сондай-ақ, 130 991 адам ревакцинацияланды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

АҚТАС 2022 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНДА ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ  

Алдыңғы

АЛМАТЫ ӨҢІРІНІҢ ЖУРНАЛИСТЕРІ ЖЕҢІС СЫЙЛЫҒЫН ТАРАЗҒА ТАРТУ ЕТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *