АймақӘлеуметЖаңалықтарҚоғам

АСАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫ КЕЛЕР ЖЫЛЫ АУЫЗ СУ, ГАЗ, ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫМЕН ТОЛЫҒЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ  

Қаратау ауданына қарасты Асар-2 шағынауданы 279 гектар аумақта орналасқан. Онда 3700 отбасы тұрады. Бір мектеп пен бір балабақша бар. Шағынауданды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету күн тәртібіндегі басты мәселе.          💡 электр жарығы – 2 139 электр бағаналары орнатылды, 24 КТПГ сатып алынып нысан басына жеткізілді, 30 км электр желісі тартылды. Нәтижесінде 2700 үй электр жарығымен қамтылды. Егжей-тегжей жоспарлау жобасының өзгеруіне байланысты жобаға енбей қалған 1000 үй бойынша ЖСҚ жасалынуда. Мемлекеттік сараптамадан өткен соң, бюджетке ұсынылады. Құрылыс жұмыстары биыл басталса, келер жылы толығымен аяқталады деп күтілуде.                                          🚰 ауыз су – ауыз сумен қамту жұмыстары 2 кезеңге бөлінген. 1-кезекте ауыз су жүйесі 2700 үйге жүргізілген. 2-кезекте қамтылмаған мың үйге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары биыл басталса, келер жылы толығымен аяқталмақ.                                      🔥 табиғи газ – 2700 үй мемлекеттік табиғи газ жүйесіне қосылған. Қалған 1000 үйді қамту бойынша биыл құрылыс жұмыстары аяқталды. Енді тұрғындарды табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде.                                    🛣️ жол – 3 көше асфальтталған, 35 көшеде тас жол. Биыл Күншоғыр және атауы жоқ №3, №4 көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілмек. 2023 жылы 5,8 шақырым, 2024 жылы 9,5 шақырым жолда құрылыс жүргізіліп, 2025 жылы іс-шара жоспарына сәйкес 100% орташа жөндеу жұмысын аяқтау жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алдыңғы

COVID-19 ВИРУСЫ 15 АДАМНАН АНЫҚТАЛДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *