ӘдебиетЖастар саясатыМәдениетРуханият

ЖАС ЖАУҚАЗЫН

АЛҒЫ СӨЗ

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың: «Ұлт, ұрпақ тәрбиесіне назар аударатын уақыт жетті. Әр аймақтағы «Оқушылар сарайы»- «Мәдениет ошақтары»- жанынан айтыс- терме, дәстүрлі ән үйірмелері ашылсын. Жас ұрпақ- баба дәстүрін ,ана тілінің бал шырынын бойына сіңірсін!»-деген салиқалы сөзі ел есінде, жүрек төрінде .Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Абай ауданындағы- 118 «Көкбұлақ» жалпы орта білім беретін мектептің директоры ӘБУ Қалмұрат Әбенұлының қызу қолдауымен жұмысын жандандырған «ЖАС ЖАУҚАЗЫН»- жас ақындар үйірмесінің қанат қаққанына көп бола қоиған жоқ, алар асуы, шығар шыңы, бағындырар биіктері алда…

Туған жерлерің- Көкбұлақ ,

Майлықожа елі- от тұрақ…

…Ақын болу- елге құт

Өнер жолы — көп сұрақ!!!-деп шақалақ шәкірттеріме сәттілік тіледім…Сырларың- нұрлы, жырларың -жылы болғай!!!

ӘБДІХАЛЫҚ ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ       /Сәбит ақын/, ақын- сазгер, ұстаз. ҚР Мәдениет қайраткері. «Ордабасы ауданының»- Құрметті азаматы

 

ТӨРЛЕТ БАРЫС

-Жеткен жүйрік:

-Барыс па еді ,

-Ал, Барысым- ар құш енді ….

Алты Алашыма абырой бер

Жыл- жаилауда, ағыс- бөрі ,

Сиыр сүзді ….

Өкпеміз жоқ-

«Бұқа қуған»- байқұс еді ,

…Барыс бекем, мықты аң ғой

Шалыс- шері, жарыс- жемі….

Барыс- нар аң…

Текті тұқым-

Тау- таубасы ,қамыс- көзі ,

«ЖАҺАНГЕРДЕН «-не сұрайын :

Кетпесе екен- сәл іс кері …

ҚАЗАҒЫМА- береке бер

Бірлік -байрақ, арыс- төлі ,

ҚАЗАҒЫМА- денсаулық бер

Жүрек -жампоз, бал күш -сері ,

ҚАЗАҒЫМА перзент сыйла

Сәби күлкісі- ай тұс елі ….

ҚАЗАҒЫМА-

Табысты төк….

Өмір- өзен ,табыс- көлі ,

…Жаман хабарды аулақ ұста… Қайғы -қақпан,

қарғыс -көрі …

-Елім!!! -дейтін

тұлға тусын

Алғыс -көгі,

намыс -төрі ….

«Жын көбеймей»-

Жыр көбейсін

Сүйсіндірсін сайлы іс мені ,

…Көппе… Азба…

Бәрі осы-

«БАРЫС»- бізбен

табыс енді !!!

…БАРЫС ЕНДІ…

Сәбит сері.

Шымкент.

***        ***        ***

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ

Асау аттай тұлымың,

Теңіздей терең тұнығың,

Елімнің даңқы өзіңсің

Тәуелсіздік-тұғырым!

Халқына құрбан ғұмыры,

Құлақтан кетпес тың үні,

Жалғаған дара тарихты

Бабамның асыл сынығы.

Алыбың кетті қаншама,

Ақының өтті зар сала,

Сол батырдың жасына

Қалады қазақ ар сана.

Бұлағың мөлдір, тау көкте,

Ұлы бір сана әр текте,

Отаным, арым, намысым

Тәуелсіздікке қан төккен.

Батырың елжірегені,

Жұртына елім дегені,

Тәуелсіз қазақ үні бұл

Көк тудың желбірегені!

Сапарбек ҚАРАҚАТ,

7″ә» сынып оқушысы.

 

ҚАЗАҚ ЕЛІ

Қазақстан, биіктерге көктедің,

Жауларыңды төңкердің.

Ауыл, қала ғажапсың,

Қазақ елім неткен әсем,  көркемсің.

Менің елім керемет

Неткен әсем жерім ед.

Сағынамын көркем сұлу көлімді,

Жақсы көрем Қазақстан жерімді.

Жақсылықтан қалмашы,

Жамандыққа бармашы,

Қазақстан, биіктерге самғашы,

Қазақ елім, шаршамашы, талмашы!

Бақдәулет ЕСІРКЕП,

7 «ә» сынып оқушысы.

 

КӨК ТУЫҢДЫ БИІККЕ КӨТЕРЕЙІН

Жақсылықтан қалмашы,

Жамандыққа бармашы.

Қазақстан биіктерге самғашы

Қазақ елім шаршамашы , талмашы.

Талай ғұмыр қиындығын тастаған,

Қазақтарды жаман десе жасқанам.

Ел байлығы тəуелсіздік емес пе,

Тəуелсіздік —  ел тұғырын бастаған.

Мөлдір суы биіктен сарқыраған,

Бара жатыр жайқалып көркем далам.

Көк туыңды биікке көтерейін,

Кең даласы əсемденіп жарқыраған.

Биікке ккөтерілді тұғыр бағым,

Кең жүрек ақ пейілді жұртым-арым.

Талай бәйге қоржынына мен салармын,

Хан Абылай, хан Кене, ұлыларым!

Қаршыға ДАРХАНБАЙ,

7 «ә» сынып оқушысы.

 

ҚАЗАҚ ЕЛІ ҚАНДАЙ ҒАЖАП

Біз Қазақ деген халықпыз,

Атқа мінсек қол жетпейтін алыппыз.

Жаудың бетін бір-ақ сөзбен қайтарған,

Исатайдың қаһарына қанықпыз.

Қазақстан мейірімді байтақ өлкем,

Кең даласы неткен əсем, неткен көркем.

Адырда аңыратып түйе баққан,

Сабалақтай баланы Абылай еткен.

 Айлы түнде отырғанбыз жұлдыз санап.   

 Татулықпен таңдарын атыратын,   

 Айтыңдаршы Қазақ елі қандай ғажап!

ҚАЗАҒЫМ, СЕН ДАНАСЫҢ

Əсем көркем қаласы,
Жасыл желек даласы .
Жастайынан ат мінген,
Мен Қазақтың баласы.

Сыйлайтұғын ағасын,
Қадірлейтін анасын.
Осының бəрін үйреткен,
Қазағым, сен данасың.

Аман болсын қолымыз,
Тола берсін қорымыз.
Сəбит ақын баптаған,
Жас ақындар тобымыз.

Еліміз нұрға бөленді,
Қазақты жеңіп көр енді.
Ойымды анық жеткіздім,
Аяқтаймын өлеңді!

Әли МЕККЕНБЕК,

9 «ә» сынып оқушысы.

Қайнарбұлақ алабы тұрғындарының шағымы тыңдалды

Алдыңғы

Нәрікбай НАҚЫПБЕК: «Сезім көлге шомылдырып мұңымды»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *