АймақЖаңалықтарҚоғамРуханиятТарих

8 МЫҢНАН АСТАМ ІС ЗЕРДЕЛЕНГЕН

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Шымкент өңірлік комиссия 8 мыңнан астам азаматтың құжатына зерделеу жұмыстарын жүргізіп отыр. Бұл туралы

Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Шымкент қаласы бойынша жұмысшы топ мүшесі- бағыт жетекшісі Г. Жанысбекова мәлімдеді.

Жиынға жұмыс тобының бағыт жетекшісі, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Рухани жаңғыру және ҚХА» орталығының басшысы, т.ғ.к., доцент Гүлнар Жанысбекова, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледж директоры, тарих ғылымдарының докторы, Ә. Сейдехан, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі директорының орынбасары, Гүлмира Серікбаева қатысты.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес құрылған Шымкент өңірлік жұмыс тобында ғалым, зерттеуші, профессорлардан құралған 25 кісі екі бағыт бойынша жұмыс жүргізген. Оның бірі— архивтік, екіншісі — экспедициялық бағыт. Архивтік бағыт бойынша Шымкент қалалық полиция департаменті архивінен 31 іс, Түркістан облыстық қоғамдық-саяси тарихы коммуналдық мемлекеттік архивінен 102 іс, Түркістан облыстық мемлекеттік архивінен 35 іс, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін музейінен 13 іс алынып, зерделенген. Ал, экспедициялық бағыт бойынша жұмыс тобының екі зерттеушісі 2021 жылдың тамыз айында Алматы қаласына, қараша айында Өзбекстанның Бостандық ауданына экспедициялық сапарға шыққан.

— Жұмыс тобы Шымкент қаласы ескі қалашық аумағынан НКВД тұтқындары тергелген ғимаратты анықтап отыр. Бүгінде оның ені 1 метрлік бір бет қабырғасы ғана қалған. Ол «Магнолия» сауда нүктесінің орнында болғаны, оның жекешелендіру кезінде бұзылып кеткені анықталды. Ары қарай зерттеу жұмыстары жалғасатын болады.Сондай-ақ, араб және төте жазу аудармаларын жасау бойынша өзге аймақтар министрлік көмегіне жүгініп отыр. Ал, біздің екі зерттеушіміз 100 бетке жуық құжатқа аударма жасады. Яғни, жергілікті ғалымдардың мүмкіндігін пайдаланып отырмыз, — дейді Г. Жанысбекова.

Айта кетейік, 10 бағыт бойынша жұмыс істеп отырған өңірлік жұмыс тобы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тұтқындар мен қуғынға ұшыраған дін өкілдері жайлы тың деректермен бөлісті. Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Замира АЛДАБЕРГЕНОВА

ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ҮШІН ҰСЫНЫСТАР ӘЗІРЛЕНУДЕ

Алдыңғы

ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ЗАМАНАУИ ҚОНДЫРҒЫМЕН ТОЛЫҚТЫ 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *