АймақДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ЧЕМПИОНДАР РЕВАКЦИНАЦИЯҒА ШАҚЫРДЫ

Бүгін Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар‐жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мұхтархан Ділдабеков қала тұрғындарын ревакцинацияға шақырды.

– Қалыпты өмірге оралу үшін вакцина алудың маңызы зор. Коронавирус бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырған дерт. Өз денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қарап, ревакцинациядан өтіңіздер,‐ деді Мұхтархан Қабланбекұлы.

Спорт мектебінде 1085 оқушының 80 пайызы «Pfizer» вакцинасының екі компонентін алып үлгерген. Ал, жаттықтырушылар арасында ревакцинация жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Каратэмен шұғылданып жүрген Мақпал Орынбай «Pfizer» екпесін алған.

— Мен үшін спорттың орны ерекше. Жарыстарға жиі қатысатын болғандықтан «Pfizer» вакцинасын алдым. Ешқандай жанама әсерін байқамадым, ‐дейді ол.

Ревакцинация бойынша баспасөз туры Шымкенттегі №9 көркем гимнастика мектебінде жалғасты. Мектеп директоры, Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Әлия Юсупова да шымкенттіктерді екпе алуға шақырды.

— Жарыс талаптарына сәйкес, әрбір қатысушы вакцина алуы тиіс. Вакцина ұжымдық иммунитет қалыптастырады. Бапкер ретінде шәкірттерімнің денсаулығына алаңдаймын және әрбір оқушының өзіне жауапкершілікпен қарауын қадағалаймын. Өзім жуырда ревакцинациядан өттім. Ал, мектепте оқып жүрген 400‐ден аса жас спортшының тең жартысы екпе қабылдап үлгерді. Оқушылар да әлемдік додаларда өнер көрсету үшін вакцина алу қажет екенін жақсы түсінеді, — дейді Әлия Мақсұтқызы

Айта кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық ахуал бойынша Шымкент қаласы қазір сары аймақта тұр.

«Шымкент келбеті» — Ақбөпе ЕРГЕШ

Суретті түсірген Серік ҚОСАЕВ

ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖАЛДАУ САЛЫМДАРЫН СУБСИДИЯЛАУ МЕХАНИЗМІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдыңғы

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫ ӨЗГЕРЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *