АймақДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛА БАСТАДЫ

Шымкент қаласында 31 қаңтар күні 40 адамнан коронавирус анықталды (белгілері бар – 28, белгілері жоқ – 12). 13 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 27 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 883 орын бар, төсек орын толымдығы 34%-ды құрайды, 582 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 301 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 135 төсек орын бар, 40 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 332 адам вакцина алды

(I компонент- 152, II компонент- 180). Егу науқаны басталғалы барлығы 595 473 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 582 143 адам вакцинаның екі компонентін алды. Pfizer вакцинасының I компонентін 39 300 адам, II компонентін 15 328 адам қабылдады. 91 145 адам ревакцинацияланды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШЫМКЕНТ ПЕРЗЕНТХАНАЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ АУЫСТЫРЫЛАДЫ  

Алдыңғы

ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖАЛДАУ САЛЫМДАРЫН СУБСИДИЯЛАУ МЕХАНИЗМІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *