АймақЖаңалықтарҚоғамЭкономика

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 90 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАУ ЖОСПАРЛАНУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысын қабылдап, биылғы жылғы жүзеге асырылатын жоспарларымен танысты.

Басқарма басшысы А.Қаныбеков «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасымен» белгіленген негізгі индикаторларға жету мақсатында жұмыстар жалғасатынын айтты. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдары 29,8 мың га егіліп, жыл соңында осы алқаптардан 90 мың тонна өнім жинау жоспарлануда. Мал шаруашылығы саласында — барлық мал басы 2% өседі деп күтілуде.

Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 21,3 млрд тг құрайтын 18 инвестициялық жоба іске асырылып, 708 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Оның ішінде 3 құс зауытының қуаттылығы артып, 1 бройлер етін өндіретін, 2 тауарлы сүт фермасы мен 4 көкөніс-жеміс сақтау қоймасы салынатын болады. Сонымен қатар, жеке «Тепличный рай» агро индустриялды аймағында 19,5 га аумаққа өнеркәсіптік жылыжай кешені салынбақ. Ал, «Бозарық» тамақ — индустриялық аймағында жалпы құны 2,1 млрд. тг. құрайтын 4 жоба іске асырылып, 210 жаңа жұмыс орны ашылады.

Маусымдық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне айналымға қарыз қаражат беру, делдалдық қызметті шектеу жүзеге асырылады. 115 сауда желісі, 30 әлеуметтік дүкен ашылып, азық-түлік жәрмеңкелері тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.

Қала әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес егістік жерлерді тиімді игеру қажеттігін айтты. Шымкентте егістік жерлер аз болғандықтан, саланы ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуге бағыттауды, бұл тұрғыда «Бозарық» тамақ — индустриялық аймағының маңызы зор екендігін жеткізді. Терең өңдеу өнеркәсібін дамыту арқылы қала экономикасын дамытамыз деді. Жылдық көрсеткішке қол жеткізу үшін ай сайынғы межені орындалуын тұрақты бақылауға алуды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдыңғы

ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖҰМЫС САПАСЫН АРТТЫРАДЫ  

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *