Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов тұрғындармен кезекті онлайн қабылдау өткізді.
Қабылдауға қатысқан кейбір тұрғындар сала басшыларының дер кезінде мәселелерін қарамайтынына шағымданса, кейбірі шалғай елдімекендердегі жол құрылысы мәселесін, интернет пен заңсыз жұмыстан шығарылуы туралы мәселелерді көтерді.
М.Исахов тұрғындарға әрбір елдімекенде атқарылатын жұмыстар бойынша баяндап, мәселенің заң аясында шешілу барысын түсіндірді. Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасына алдағы уақытта аталмыш көшелерге құрылыс жұмыстарын жүргізуді қарастыру туралы тапсырма берді.
Алдағы уақытта қабылдауда болған азаматтардың мәселелерінің толық шешілуі әкім орынбасарының басты назарында болады. Айта кетейік, карантиндік талаптарға байланысты азаматтарды қабылдау WhatsApp желісінің видеоқоңырау жүйесі арқылы жүргізілді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments