Шымкентте жыл басынан бері 17 науқас КВИ індетінен қайтыс болды. Кеше бір тәулікте COVID-19 инфекциясына шалдыққан 180 науқас анықталды.
Дәрігерлер тұрғындар арасында КВИ-дің алдын алуда әлеуметтік қашықтықты сақтау, бетперде тағу және індетке қарсы вакцина алуға шақыруда. Ұжымдық иммунитет қалыптастырып тұрғындарды вакциналауда шаһардағы медициналық мекемелерде барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл үшін Шымкентте мемлекеттік және жекеменшік емханаларда 45 егу бекеті жұмыс істеп тұр. Одан бөлек, тұрғындарға 25 жылжымалы егу бекеті бар.
Егу бекеттерінде вакцина салу жұмыстары аптаның барлық күндері жүргізіледі. Жұмыс күндері таңғы сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін және демалыс күндері 08:00-ден13:00-ге дейін вакцина ала алады.
Comments