СПОРТ саласында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 2021 жылы 10 мыңға жуық баланы тегін спорттық секцияларымен қамтамасыз етілді, 2022 жылы 13,7 мың баланы қамтамасыз ету жоспарлануда.
2021 жылы қалада бұқаралық спортты дамыту мақсатында алғаш рет 8 спорт түрінен «Жастар лигасы» өткізіліп 7 мыңға жуық оқушылар мен студенттер қатысты. Нәтижесінде бұқаралық спортпен қамту деңгейі 32 пайызға жетті.
2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша жергілікті және халықаралық жарыстардағы медаль иегерлер саны 616-дан 1571 дейін өсті.
2021 жылы Токио қаласында жазғы Олимпиядалық ойындарда қала спорт мектептерінің 2 спортшысы қола жүлдегерлері атанды.
Comments