АймақДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА КАРАНТИН РЕЖИМІНІҢ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ ТУРАЛЫ

Шымкент қаласының «қызыл аймаққа» енуіне байланысты COVID-19 індетінің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында мобильдік топтар күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.

Еңбекші ауданында COVID-19 індетінің алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында мониторингтік топ жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда 10 мобильдік топ (аудан әкімі аппараты, аудандық полиция қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, волонтерлар) карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақыруда. Мобильдік топтар 10-19 қаңтар аралығында халықтың көп шоғырланатын орындарында 750-ден аса нысандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 78 нысан иелеріне «ескерту» жасалды.

Жалпы аудан бойынша 13 базарлар, 725 ірі және ұсақ сауда дүкендері, 160 қоғамдық тамақтану орындары, 22 тойхана, 36 монша орталықтары орналасқан.

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУДА  

Алдыңғы

ҚАЛА ӘКІМІ «СӘУЛЕ» ШАҒЫНАУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *