АймақДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ 343 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте 16 қаңтар күні КВИ-дің 343 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 221, белгілері жоқ – 122). 73 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 270 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек орын толымдығы 35%-ды құрайды. Инфекциялық стационарда 279 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 36 науқас ем қабылдауда.

Бір тәулік ішінде қалада 150 адам вакцина алды

(I компонент- 2, II компонент- 148). Егу науқаны басталғалы барлығы 593 553 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 579 278 адам вакцинаның екі компонентін алды. Pfizer вакцинасының I компонентін 22 229 адам, II компонентін 10 181 адам қабылдады. 50 021 адам ревакцинацияланды.

Қалада эпидахуалдың күрделенуіне орай карантин талаптарын қатаң сақтауға, қарапайым сақтық шараларын естен шығармауға шақырамыз!

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ 

Алдыңғы

ЖАҢБЫР СУЫНАН ТАЗАРТУҒА 500-ДЕН АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *