ДенсаулықЖаңалықтарҚоғамСпорт

№2 ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНА «E-HELPER» АПППАРАТЫ ОРНАТЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы №2 оңалту орталығы тіркек қимылы бұзылған балаларды емдеуге арналған «E-helper» заманауи медициналық апппаратымен толықты.

Қаламызда алғаш рет қолданылғалы отырған экзоскелет құрылғысы аяқтың әлсіздігін, үйлестіру бұзылыстары бар науқастарды, инсульт, склероз, паркинсон, сал ауруы, жұлын және бас миының жарақаты, кардиологиялық ахаулар мен ковидтен кейін пайда болған асқынуларды емдеуге септігін тигізеді.

Орталықтағы мамандарының айтуынша роботтандырылған жаңа құрылғыға отырған балаларға арнайы аяқ киім кигізіліп, өздігінен қозғала бастайды екен. Сол арқылы бұлшықеттер қозғалып, мимен байланыс орнатылады дейді.

«E-helper» құрылғысын тиімді пайдалану мақсатында отандық дәрігерлерге Ресейден арнайы мамандар келіп, шеберлік сабақтарын өтуде.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗДЫҢ ШӘКІРТТЕРІ – КҮЙ ӨНЕРІНІҢ ҮЗДІК ОРЫНДАУШЫЛАРЫ   

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *