Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Шымкент қаласы бойынша департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесіп агроөнеркәсіп саласын субсидиялау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында семинарлар ұйымдастыру жоспарлануда.
Өңірдегі фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған семинар жұмысына қала аумағындағы шаруалар, жеке кәсіпкерлер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Шымкент қаласы бойынша департаменті мен кәсіпкерлер палатасының арнайы мамандары, «Nur Otan» партиясы мен «Ауыл» партиясының өкілдері және салалық қауымдастықтар қатысады.
Семинар жұмысының барысында агроөнеркәсіп саласын субсидиялау туралы қағидаларда болатын өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттар талқыланады.
Ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін пайдалы семинар ағымдағы жылғы 29 желтоқсан күні Еңбекші ауданында бастау алып, қалған үш ауданда жалғасын табатын болады.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Comments