Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» Шымкент қаласының Жол картасындағы 18-ші индикаторының орындалу барысын бақылау мақсатында Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында болып, іске асырылып жатқан жұмыстар барысымен танысып қайтты.
Аталған нысанға Жобалық-сметалық құжаттаманы «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» Акционерлік қоғамы инвестор болып, әзірлеу үстінде. Келесі жылы Жоба-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтеді деп жоспарлануда. Нысанның толық аталуы: Шетелдік заманауи жабдықтармен жабдықталған 1000 орындық көпсалалы аурухана, қысқаша Университттік Клиника. Айта кететін жайт, мұндай жоба бұрын елімізде болмаған, сондықтан сәтін салса еліміздегі ең үлкен клиника болғалы тұр.
Университеттік клиниканың құрылымы жалпы 100 000 шаршы метр алаңды құрайды. Сондай-ақ, 9 деңгейлі және 1 жер асты қабатынан тұрады.
5 басты блоктан құралады:
I — 350 төсек орындық Хирургия орталығы;
II — 350 төсек орындық Онкологиялық орталығы бар Терапия орталығы;
III — 290 т-сек орындық Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығы;
IV — 10 төсек орындық Радиотерапия мен ядролық медицина орталығы;
V — 700 адамды қабылдайтын емхана.
Comments