Мерзімді басылымдар секторында 15 қараша Ұлттық валюта — теңге күніне орай «Ұлттық валюта — мақтанышым» атты танымдық сағат өтті.
Іс-шара мақсаты Тəуелсіздігіміздің тірегі, нышаны əрі символдарының бірі болған теңге күнін атап өту, теңгенің шығу тарихымен таныстыру, ұлықтау жəне дəріптеу.
Қазақ елі үшін мəн-маңызы жоғары төл теңге — Тəуелсіздік тұғыры. Төл теңгемізді ұлықтау үшін өткізілген іс — шараға Шымкент қаласы N137 жалпы орта мектебінің 11 «Г» сынып оқушылары жəне осы мектептің тарих пəнінің мұғалімі Садыкова Данель Нұрсағатқызы айрықша дайындықпен келіп белсене қатысты.
Comments