АймақЖаңалықтарҚоғамСпорт

ЖАС СПОРТШЫ СЕРБИЯДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Бүгінде Шымкентте Халықаралық спорт додаларында жетістіктерге жетіп, еліміздің мақтанышына айналып жүрген оқушылар көп. Солардың бірі — Ерзат Каналбаев. Ол бүгінде қаламыздағы № 23 мектеплицейінің 9 сыныбында оқиды. Жастайынан спортты жанына серік еткен Ерзат қалалық, республикалық ойындардың жеңімпазы. Атап айтар болсақ, 2018 жылғы Шымкентте өткен мектеп-интернат арасындағы таеквондодан республикалык турнирде 3-орын алса, 2019 жыл республикалык Астана ашық турнирінде 1-орын иеленді. Ал мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында таеквондодан 49 келі салмақ дәрежесінде І орын алды. Жастар арасында жарыстарда көптеген жетістіктерге қолжеткізіп жүрген Ерзат Каналбаев жақында Сербия қаласында «Дүниежүзілік мектеп ойындары» атты өткен таеквондодан жүлделі ІІІ орын иеленіп қайтты. Талай байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрініп жүрген жас спортшы бүгінде «Спорт шеберіне» үміткер.

ШЫМКЕНТТЕ МЕЙІРІМ ШУАҒЫ ШАШЫЛДЫ 

Алдыңғы

БІРЛІКТІ САҚТАУ — БАСТЫ МІНДЕТ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *