Басты ақпаратДенсаулықҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ОРЫНДАРДЫҢ 50 ПАЙЫЗЫ ҚЫСҚАРДЫ

Шымкентте індетке шалдыққандар күн сайын азайып келеді. Соның дәлелі қаладағы провизорлық стационарлардағы төсек-орындардың 50 пайыздан астамы босады. Нақтырақ айтқанда, 4 350 төсек орыннан 2 397-і қысқарған.

Бүгінге дейін қалада 25 инфекциялық стационар жұмыс істеді. Эпидемиялогиялық жағжайдың тұрақталуына байланысты бұл емдеу орталықтарының 13-і жабылды.

Медициналық мекемелер қазір қалыпты жұмыс режиміне көшуде. Яғни, науқастар жоспарлы түрде бұрынғыдай ем қабылдай алады.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығында 1 953 орын бар. Төсек орын толымдығы 36 пайызды құрайды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы ковидке қарсы вакцинациялау бойынша 86, 8 % көрсеткішпен көш бастап тұр.Соңғы тәулікте қалада 7286 адам вакцина алды (I компонент-4933, II компонент-2353). Егу науқаны басталғалы барлығы 467 916 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 388 362 адам вакцинаның екі компонентін алды.

ШЫМКЕНТТЕ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛУ БАСТАЛДЫ

Алдыңғы

Музей қорына көне кітаптар мен қолжазбалар табыс етті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *