АймақБасты ақпаратДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

15 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

Ертең елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Екі айға созылатын жыл сайынғы дәстүрлі шара 15-қарашада аяқталады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді. Басқарма басшысының сөзінше, еліміздің әр азаматы жылына бір рет емхананы еркін таңдай алады. «Емхананы таңдау науқаны екі айға созылады. Яғни, 15-қыркүйек пен 15-қараша аралығында. Қазақстанның кез-келген азаматы осы науқанға қатысып, өзінің емханасын таңдай алады. Науқанның мақсаты — қаралып жүрген емханасына көңілі толмайтын азаматтарға емдеу мекемесін ауыстыруға мүмкіндік беру»,-деді Б.Позилов. Брифинг барысында сөз алған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек былтырғы тіркеу науқаны барысында 18 мыңнан астам қала тұрғыны емхана таңдау құқығын пайдаланғанын атап өтті. Оның айтуынша, емхана таңдау барысында тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік емханаға тіркелген екен.  Айта кетейік, биыл медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Олар тек шетелдік азаматтар мен еңбек мигранттарына қатысты болады дейді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері. Жаңа қағидаларға сәйкес, елдің аумағында уақытша болатын немесе баспана іздеп жүрген азаматтығы жоқ шетелдік адамдарды емханаға бекіту ерікті медициналық сақтандыру шартының негізінде және оның қолданылу мерзіміне ғана жүзеге асырылады. Осыдан кейін олар медициналық ұйымнан автоматты түрде шығарылады. Емханаға тіркеу немесе қайта бекіту кезінде емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерден таңдау ұсынылады. Себебі науқас медициналық көмекті қажет болғанда, учаскелік дәрігер үйіне бара алатындай болуы тиіс. Бұл әсіресе пандемия кезінде өте маңызды дейді мамандар. Айта кетейік, қала бойынша бүгінгі таңда 14 мемлекеттік және 87 жекеменшік емхана бар.

 

ШЫМКЕНТТЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДА 2397 ТӨСЕК ОРЫН ҚЫСҚАРДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАРЛЫҚ СЕКТОРЫНДА ОҢ ӨСІМ БАЙҚАЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *