Шымкент қаласының тұрғыны Хомьякова Варвара Ивановна бүгінде қаланың ғасыр жасаған қарт тұрғындарының бірі.
Ғибратты ғұмыры ғасырға аттап, өмір белесінің ең биік заңғарына шыққан кейуана тұрып жатқан шаңыраққа бүгін Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы ат басын тіреді.
8 наурыз– ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі. Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын аналардың, қыз-келіншектерге, жалпы нәзік жанды аруларға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн.
Осы орайда, халық қалаулысы ғасыр жасаған әжейді көктемнің керемет мерекесімен құттықтаған тілегін білдіріп, құнды сыйлығын өз қолымен тапсырды.
Comments