АймақЖаңалықтарҚоғамСаясат

ЖОЛДАУҒА ҮН ҚОСУ

Қаламыздағы Абай атындағы орталық кітапхана қызметкерлері ел Преезидентінің жолдауына үн қосты. » Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуіне берік негізі». Осындай атауымен жолданған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы дәстүрлі жолдауы «Білім күнімен» қатар келіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді дөп қозғады.
📍Осыған орай, Шымкент қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №2 және №3 кітапхана бөлімшесінің қызметкерлері мен Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжімен бірлесіп жаңа Жолдауды талқылап, өз ойларын ортаға салды.
Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің кітапханашысы Алжанова Сауле Оразқызы Жолдаудағы жаңа мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, жаһандану дәуірінде дағдарыстан шығудың тетіктері баян етілгендігін тілге тиек етті.
Елімізді нақты стратегиялық дамуға бастайтын бұл Жолдау барлық саланы түгелдей қамтыды.
Мәдениет қызметкерлері, қорықшылар, кітапханашылар, көлік жүргізушілердің жалақысын 2022-2025 жылдар аралығында 20 пайызға көтеру — ел руханиятына және мәдениет қызметкерлеріне деген шынайы жанашырлық деп білеміз.

ЖОЛДАУ ЕЛ КЕЛЕШЕГІ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *