Шырайлы қаламыздағы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ұжымы мен оқытушы-профессорлар құрамы және студент жастарына ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың кезекті «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын үгіт-насихат жүргізу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Айтылған іс-шара университетіміздің «Рухани жаңғыру» және «PARASAT» орталықтарында ұйымдастырылды. Оқу ордамыздың тәрбие бөлімі ұйымдастырған бұл іс-шарада «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к Ш. Нартбаев және «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к Е.Турашев баяндамалар жасап, Жолдаудың негізгі бағыттарына ой-пікірлерін білдіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Университетіміздің «Тәрбие және әлеуметтік істер» жөніндегі проректоры Б.Садықов ҚР Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында жарияланған Жолдаудың маңыздылығын атап өтіп, оқу ордамыздың топ тәлімгерлеріне аталмыш Жолдауды өз топтарында талқылау керектігі туралы айтып өтті. Өз кезегінде студент жастар Жолдаудың маңызды құжат екенін айтып, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Оқи отырыңыз
-
-
Түркістан облысында сарбаздар танкпен шайқасты
23 рет оқылды
Comments