АймақЖаңалықтарҚоғамСаясатТехнологияЭкономика

ЖОЛДАУ ЖЫЛДЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №66 «Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебінде Тәуелсіздіктің жылдығына орай ҚР Президенті Қасым -Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауы ұжыммен талқыланды.Абай ауданы аппаратының мәдени – ағарту бейіннің басшысы Арниғазиұлы Бауыржан Батырғазиұлы мемлекет басшысының жолдауында халықтың әл –ауқаты мен тұрмыстық жағдайын көтеріп, медицина мен білімге тың серпін беретін мәселелер қамтылғанын атап өтті. Мектебіміздің тарих пән мұғалімі С.Райымбеков мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаевтың: Жалпы , еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөзін басшылыққа ала отырып, қазір біз ел дамуының шешуші кезеңіне қадам бастық.Мемлекеттік аппарат біртұтас құрылым ретінде жұмыс істеу міндетті.Солай болған жағдайда ғана біз көздеген мақсаттарымызға қол жеткіземіз.Мықты мемлкет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айырықша маңызды екендігіне айырықша басымдық танытып, нақты жүйелі реформаларды жасау маңыздылығын ашып берді.
Қазақстан халқының бірлігі жарасқан, ынтымағы берік ,алар асуы мол болсын.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

ЖАНСАЯ ӘБДІМӘЛІК ӘЛЕМНІҢ ТӨРТ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ АТАНҒАН ҚЫТАЙ ҚЫЗЫН ЖЕҢДІ

Алдыңғы

ЖОЛДАУ ЕЛ КЕЛЕШЕГІ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *