Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауларында елдегі бұқаралық спортты дамытып, тұрғындардың салауатты қір салтын ұсанып, спортпен шұғылданатын халықтың санын көейтуді тапсырған болатын. Бұл тұрғыда шырайл қаламызда ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың қала аумағындағы инфрақұрылым жүйелерін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов және қалалық мәслихат депутаттары аудандағы абаттандыру жұмыстарының барысын аралады.
Аудан әкімі және мәслихат депутаттары құрылысы жүріп жатқан балалар ойын алаңшасының жаттығу элементтерімен танысты.
Аудан басшысы жауапты мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы орындап, түрғындар игілігіне пайдалануға беру қажеттігін тапсырды. Аталған алаңшаның құрылыс жұмыстары «Назар» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Жобаны 2021жылы қазан айының соңына аяқтау жоспарлануда.
Сонымен бірге, Қаратау ауданы аумағында бүгінгі күнге дейін 94 балалар ойын алаңшасы абаттандырылса, алдағы уақытта шамамен 15-ке жуық ауланы аббаттандыру жұмыстарын жүргізу қолға алынатын болады.
Comments