Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы ұжымына түсіндірілді. Бұл құжат әлем мемлекеттеріндегі түрлі саяси ахуал мен еліміздегі болып жатқан жағдайлардан көңілі күпті болған халықтың көкейіне үміт пен сенім ұялатқандай болды. Жолдауда халықтың әл-ауқаты мен тұрмыстық жағдайын көтеріп, медицина мен білімге тың серпін беретін мәселелер қамтылған. Тарих пәнінің мұғалімі Қалшабек Бидос Нұриддинұлы өз баяндамасында Жолдаудың бағыттарын жан-жақты түсіндірді.
Жарыссөзге шыққан ұлағатты ұзтаздар Ұлбосын Майлышқызы мен Гүлзипа Момынайқызы Жолдауға байланысты тың ойларымен бөлісіп, мұғалімдерге жасалған жағдай мен жауапкершілікті бас айтты. Жолдау соңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз. Қазір біз ел дамуының шешуші кезеңіне қадам бастық. Мемлекеттік аппарат біртұтас құрылым ретінде жұмыс істеуге міндетті. Солай болған жағдайда ғана біз көздеген мақсаттарымызға қол жеткіземіз. Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды» екендігіне айрықша басымдық танытып, нақты жүйелі реформаларды жасау маңыздылығын ашып берді. Еліміздің Тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы жараса түсіп, алар асуы мол болсын!
Comments