Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдау мақсатында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастарды қолдау» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиында жолдауда айтылған нақты басымдықтарға жеке-жеке тоқталып, сайлауалды бағдарламалармен байланыстыра жүйелі жұмыс істеу қажеттігін түсіндірдім. Президент белгілеген міндетті жүзеге асыруда жастардың қолдауы маңызды екені белгілі. Бірлесе атқарған жұмыс өнімді болары сөзсіз. Сонымен қатар аталған тақырып аясында Шымкент қаласы мәслихат депутаты, фракция мүшесі Балтабаев Талғат Дуйсебайұлы және «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Исахов Мағжан Шыңғысұлының баяндамалары тыңдалды.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастарды қолдау» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыстың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды. Жиында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бктаева ханым сөз алды. Өз кезегінде ол жолдауда айтылған нақты басымдықтарға жеке-жеке тоқталып, алға қойған мақсаттарды сайлауалды бағдарламалармен байланыстыра жүйелі жұмыстарды жалғастыра беретінін жеткізді.
Comments