АймақЖаңалықтарҚоғамСаясат

ЕРТЕҢГІ КҮНГЕ-ЖАРҚЫН КӨЗҚАРАС

Шымкент қаласында Саттар Ерубаев атындағы N24.ІT мектеп-лицейі ұжымы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР-ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ” атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарымен танысты. Тарих пәнінің мұғалімі Ә.Бейсенбекқызы баяндама жасап, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында біршама жаңа бастамалар көтеріліп, білім саласына айрықша көңіл бөліп отырғанын айтты.
Мектеп-лицей директоры Ж.Т.Нысанбаева мектепте дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар беру және бір реттік ақшалай сыйақы да төлейтіндігін айта келіп, балалардың ұстаздарына да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырып отырғаны көңіл қуантатын жақсы бастама екенін айтты.. Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы екендігін айтып, 225 мың оқушыға орын жетіспейтіндігін нақты көрсетті. Өз сөзінде Президент 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма бергендігін, бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттейтіндігін айтты.
Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс.
Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, осы маңызды міндетті шешумен айналысуы керек екендігін жеткізді.  2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейту туралы шешімін жария етті.  Бастауыш сынып мұғалімі Тоқбергенова Гүлшекер Ел Президентінің “Мақсат бар, бағдар айқын, енді тек жүйелі түрде жұмыс істей білсек, біз алмайтын асу жоқ” деген жалынды сөзін қолдап, кез келген кедергіні еңсеріп, қиындықты жеңе алатынымызға сенім білдірді.

ТУРИЗМ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАҒАН ТҮЛЕКТЕР

Алдыңғы

Түркияда қазақ қыздарының кітабы жарық көрді

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *