Шырайлы қаламызда тұрғындардың екпе алуы бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеміз. Аурудан сақтанудың жалғыз жолы екпе алу болып отыр. Шымкент қаласында «Мен қауіпсіздіктемін» деп аталатын акцияның өтуіне қалалық Жастар ресурстық орталығы және еріктілер атсалысты. Тұрғындарды екпе алуға үндеген шара мегаполистегі №1, № 3 және №6 емханаларда ұйымдастырылуымен өтті. Еріктілер емханаға екпе алуға келген тұрғындарға «Мен қауіпсіздіктемін» браслетін таратты. -Қазір қаладағы эпидахуал күрделі. Мегаполистегі коронавирусты емдеу орталықтарында ауырып жатқан науқастар көп. Олардың көбісі дәрігердің кеңесін алмай, өз бетінше ем-шара қабылдағандар және вакцина алмаған пациенттер. Соның салдарынан адамдардың дерті ушығып, соңы қайғылы жағдайға ұшырауда. Сондықтан қауіпті індеттің алдын алып, ауырмаудың тиімді жолы — екпе алу екенін ұмытпайық,-дейді №1 қалалық емхананың терапевт дәрігері Балнұр Пазилова. Бұл күнде Шымкентте жалпы екпе алу науқаны басталғалы 394 484 адам вакцина салдырса, оның 319 297-сі вакцинаның екі компонентін алғандар.
ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Білімді болуға – оқу керек
Оқи отырыңыз
-
-
Түркістан облысында сарбаздар танкпен шайқасты
42 рет оқылды
Comments