Шырайлы қаламыздың бұл күнде туристік әлеуеті артып келеді. Күннен күнге көркейіп келе жатқан қаламызға өзге аймақтардан келуші туристердің саны артқан. Шымкент қаласына ағымдағы айларда 71 мыңнан аса турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғада 149%-ға артқан. Қазіргі карантиндік ахуалға байланысты «Visit Shymkent» орталығының қызметкерлері қонақ үйлерге келуші туристерге сақтық шараларына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ бетперде мен ақпараттық парақша таратты. Covid19 пандемиясы мен вирусты пневманиядан сақтанудың тиімді тәсілі – гигиеналық-санитарлық тазалық. Маскалық режимді, карантиндік талаптарды орындау басты міндет екені түсіндірілді.
KITF халықаралық туристік көрмесі аяқталды. Аталған маңызды шараға Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Visit Shymkent» орталығының өкілдері арнайы қатысып тәжірбие алмасып қайтты. Екі аптаға жоспарланған көрме барысында «Visit Shymkent» орталығы Алматы, Ақмола және Павлодар облыстарының туристік мекемелерімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойып, келіссөздер жасалған. Үшінші мегаполис атанған қаламыз көркейіп, гүлдене бергей!
Comments