ЖаңалықтарҚоғамТехнологияЭкономика

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР КӘСІПОРЫН АШЫЛМАҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында кәсіпкерлік саланы дамытып, индустриялық аймақтардың көптеп ашылып, халық игілігіне жұмыс жасау бойынша бірқатар тапсырмалар берілген болатын.  Үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында тағы бір жаңа кәсіпорын ашылмақ. Өткен аптадағы инвестициялық штабта жаңа жоба таныстырылып, негізгі мәселелері талқыланды.  «Тараз-INTERSERCO» ЖШС ақ киім шығаруды қолға алды. Ол үшін арнайы аймақтан 1 гектар жер берілді. Инвестициялық жобаның құны — 400 млн теңге. Жылына 150 мың аяқ киім тігуді жоспарлап отыр. Шығарылған өнім толығымен ішкі нарықты қамтитын болады.  Кәсіпорын іске қосылған сәтте 60 адамды жұмыспен қамтымақ. Бүгінгі таңда инвестор тарапынан барлық қажетті құрал-жабдықтар алынып,  қамтамасыз етілмек.  Вьетнамдық кәсіпкерлермен серіктестік орнату, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.  Штабта жер мен инфрақұрылым, экономикалық аймақтың жеңілдіктерін ұйымдастыру тұрғысында мемлекеттік қолдау көрсетілетін болып шешім қабылданды.

 

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛАР БІРДЕН-БІР ЖОЛ – ЕКПЕ САЛДЫРУ

Алдыңғы

БАЛАЛАРҒА ФУТБОЛ ЖӘНЕ КАРАТЭ ҮЙІРМЕЛЕРІ АШЫЛУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *