Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері еліміздің мақтаныштары. Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Біздің Ту, Біздің Ел таңба, Біздің Әнұран» мерекелік жастар акциясы өткізілді. Акция аясында мегаполистегі «Орталық саябақта» мемлекеттік жастар саясатына үлес қосқан әр түрлі саладағы (Жоғары және орта арнаулы оқу орындары, құқық қорғау, емдеу ісі, спорт, отбасы банк, бизнес саласы, БАҚ өкілдері) азаматтар мен азаматшаларды қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның алғыс хатымен марапатталды. Алғысты Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мәди Манатбек табыстады. Жастардың қатысуымен патриоттық шеру ұйымдастырылып, қоғамдық көліктерде, саябақтарда әнұранды қосылып шырқап, аялдамалар мен қоғамдық көліктерде Елтаңба мен Ту пішінінде құттықтау қағаздары жабыстырып қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шеруге Маслихат депутаттары мен фракция мүшелері, Jas Otan жастар қанаты, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдарының өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының белсенді студенттері, волонтерлер мен қала тұрғындары қатысты.
Оқи отырыңыз
-
-
Түркістан облысында сарбаздар танкпен шайқасты
50 рет оқылды
Comments