ЖаңалықтарҚоғамСпорт

ДАРХАН АСАДІЛОВ – ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Токиода өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында каратэші Дархан Асаділов қола жүлдегер атанды. 67 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған жерлесіміз өз шеберлігін паш етіп, елімізді жарқын жеңісімен қуантты. Дархан А тобында Түркия, Әзірбайжан, Жапония және Египет құрамасының өкілдерін жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда франциялық Стивен да Костамен кездесіп, ұпай санымен есе жіберді.  Каратэ спорты Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілген еді. Дархан – каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. Ол ел қоржынына жетінші қола медальді салды.  Асаділовтің алдағы додаларда бұдан да жоғары жетістіктерге жететініне сеніміміз зор. Сондай-ақ, Токио татамиінде жерлестеріміз Данияр Юлдашев пен Софья Берульцевадан да үлкен үміт күтеміз.  Байрақты бәсекеде ел намысын қорғап жатқан саңлақ спортшыларымызға сақтары сынбай, сәттілік серіктері болып, алар асуылары мен бағындырар белестері көп болсын дейміз! Еліміздің көк туы мәңгі көкте желбірегей!

 

 ЕМХАНАЛАРҒА  КІТАП СӨРЕЛЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

Алдыңғы

БАЗАРЛАРДА   САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *