ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

Үшінші мегаполис атанған шырайлы қаламызда коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында қоғамдық көліктерде тәулігіне екі рет дезинфекция жұмыстары   жүргізіліп келеді.
Залалсыздандыру жұмысы теміржол вокзалы, халықаралық әуежай мен адам көп шоғарланатын қоғамдық орындарда да жүргізіліп, халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді  Қазіргі таңда дезинфекциялау жұмыстарын жасауға 30 маман жұмылдырылған. Карантин талаптары бойынша ревизорлы бақылау қызметкерлерінің киім үлгісіне өзгеріс енгізілген. Жалпы, қалада 16 тасымалдаушы компанияның 1 050 көлігі тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Карантин талабына сәйкес жолаушыларға медициналық масқа тағу міндеттелген.
Осыған байланысты бүгін қоғамдық көліктердегі жолаушыларға демеушілер есебінен 1000 дана медициналық  бет берде таратылды. Қала тұрғындарына барынша санитарлық сақтық шараларын сақтап,  бетперде тағып жүруге кеңестер берілді.  Қаламыздағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделенген тұсында адамдар көп шоғырланатын орындарға бармай, жақындарымызға жанашыр болуға шақырды.  Қала тұрғындарына сақтық шараларын қатаң түрде сақтап, өз денсаулықтарына жанашырлықпен қарауға шақырды.

 

КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ  КҮШЕЙТІЛУДЕ

Алдыңғы

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДА ҚОҒАМ ТҮСІНІГІН КЕҢЕЙТЕТІН ЖҰМЫСТАР АТҚАРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *