Үшінші мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуіне байланысты тағы инфекциялық стационар ашылды. Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығында 100 орынға арналып стационар орталығы өз жұмысын бастады. Қажетті медициналық құрпл-жабдықтармен қамтамасыз етілген орталықта коронавирирус инфекциясы мен пневмонияның орташа және ауыр түріне шалдыққан науқастарды емдейді. Инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеу үшін орталықта дәрі қоры мен қажетті медициналық құрылғылар жеткілікті. Сондай-ақ мекемедегі медицина мамандары арнайы оқытудан өтіп, біліктілігін арттырған. Қазір мұнда инфекцияға шалдыққан 19 науқас ем алып жатыр. Айта кетейік, 2020 жылы қалада эпидемиялогиялық жағда өршіген тұста психикалық денсаулық орталығының мамандары коронавируспен күресте алдыңғы шепте қызмет етті. Емдеу мекемесінде провизорлық орталық ашылып, медицина мамандары қауіпті індетке шалдыққан науқастарды емдеп жазатын болады. Қаламыздағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделігі екендігін тұрғындар назарына тағыда ескерте отырып, барынша сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Өз денсаулығыңызға жанашырлық пен қараңыз!
Comments