Шымкент қаласында өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 520 жағдай (441 симптоммен, 79 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 233 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 287 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 3 358 адам вакцина алды (I компонент-828, II компонент-2 530). Егу науқаны басталғалы барлығы 354 365 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 241 285 адам вакцинаның екі компонентін алды. Қала аумағында санитарлық-эпидемилогиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда. 656 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 10 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды (656 кәсіпкерлік нысан).
Айта кетейік, бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармай, үйде отыруға кеңес береді. Жақындарыңызға жанашыр болып, мүмкіндігінше сақтық шараларын сақтауға шақырамыз.
Comments