Басты ақпаратДенсаулықҚоғам

 ШАЛҒАЙДА ОРНАЛАСҚАН АУМАҚТАРДА 12 ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласы маңындағы ауылдық жерлердегі тұрғындардың денсаулығын  жақсартуға, олардың өтініштерін қарауға барынша назар аударылып келеді.

Үшінші мегаполисте денсаулық сақтау саласында үлкен өзгерістер орын алып жатыр.  Заманауй құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген емдеу орталықтары ашылып жатыр.   Шымкент қаласында бүгінгі таңда тұрғындарға 36 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Алғашқы жартыжылдықта жаңа 5 медициналық ұйым ашылып, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік байланыстар жолға қойылды. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 9 млрд. теңге қаралып, медицина ұйымдарының базасын жаңарту жұмыстары 71 пайыздан 81 пайызға жетті.      Биылғы жылы 6 медициналық ұйымның ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілсе, алдағы бес жыл ішінде 10 медициналық ұйымның құрылыстары қолға алынбақ. 2023 жылға дейінгі мерзімде қала орталығынан шалғайда жатқан аумақтарда 12 дәрігерлік амбулатория салынатын болады.   Халыққа ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында медициналық персоналдың 30 пайызын қамти отырып, Израиль, Алмания, Ресей, Литва мемлекеттерінің озық медицина ғалымдарын тарта отырып, тәжірибе арттыру дәрістерін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

ҚАЛАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ЕМХАНАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Алдыңғы

 ШЫМКЕНТ ХАЛҚЫНЫҢ 31 ПАЙЫЗЫ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *