Басты ақпаратДенсаулық

«ФОСФОР» АУРУХАНАСЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАР РЕТІНДЕ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙТЫН БОЛАДЫ.

Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласында  жүйелі жұмыстар атқарылып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында  жүктелген міндеттерді  жүзеге асыру барысында  халықтың денсаулығын жақсартып, өмір сүру сапасын арттыру бойынша  жүйелі жұмыстарды атқарып келеді. Денсаулық сақтау саласында көш бастап келе жатқан Шырайлы қалада бұл салада ауыз толтырып айтарлықтай атқарылып  жатқан жұмыстар мен қол жеткізген  жетістіктер, жағымды жаңалықтар жетерлік.  Осындай жағымды жаңалықтың бірі  Үшінші мегаполисте  осы жылдың 10 шілдесінен бастап №2 қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде өз жұмысын бастайтын болады.   Заман талабына сай қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген медициналық мекеме коронавирус ауруына  шалдыққан науқастарды қабылдап,  емдеу шараларын жүзеге асыратын болады.  Шымкент қаласының  әкімі Мұрат Әйтенов аурухананың инфекциялық стационар ретінде дайындық барысымен танысты.  Аталған емдеу мекемесінің бас дәрігері Туманов Қанаттың айтуынша, мұндағы инфекциялық стационар 250 төсек орынға арнап  дайындалған. Төсек орындардың барлығына оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры жеткілікті.  Бұдан бөлек 53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар. Ал, медицина мамандары науқастарға қажетті кислородты аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады- дейді дәрігер Қанат Туманов.  Өткен жылғы жағдайды ескере отырып, шаһар басшысы Мұрат Дүйсебекұлы  аурухананың  бас дәрігеріне коронавирус ауруына шалдыққан науқастарды қабылдау барысын тағы да пысықтап, барынша дайындық шараларын күшейтуді тапсырды.  Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық ахуал қатты күрделенген жағдайда  қаланың барлық емдеу мекемелері науқастарды қабылдап, емдеуге толыққанды дайын екендігі айтылды.  Заман талабына сай медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген  емдеу мекемесінің  ақ халатты абзал жандары қала тұрғындарының денсаулығын жақсартуда аянбек еңбек ете бермек!

 

ШЫМКЕНТТЕ  ЕКПЕ ҚАБЫЛДАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ ТУРИЗМ САЛАСЫ ТҮРЛЕНІП КЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *